Жаңалықтар

«Шу көтеріп жатырсыздар» — Ринат Зайытов Талғардағы оқиға жайында

Ринат Зайытов Қазақстанның басқа өңірлерінде де осындай тұрмыстық қылмыстарға журналистер мен блогерлердің мән бермейтінін айтты

Журналистер Мәжіліс кулуарында Ринат Зайытовтан баласы, бауырынан айырылған, үйі өртенген отбасыға осындай шара қабылдау қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз деп сұраған. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

– Бір жағынан дұрыс айтасыз, иә қара жамылып отыр. Бірақ бұл қылмыстың айналасында сіздердің барлықтарыңыз шу көтеріп жатырсыздар. Блогері бар, сіздер бар. Бүкіл Қазақстан бойынша ондай тұрмыстық қылмыстар бойынша толыққанды ақпаратты беріп жатқан жоқсыздар ғой. Мақаншыда, Үржарда ондай жағдайлар болып жатыр. Мүлде айтып жатқан жоқсыздар ол туралы. Соның кеселі деп ойлаймын, – деп қысқа қайырды Ринат Зайытов.