Sportroom

Даниал кетіп Ольга келді: Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті ауысты

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтатып, оның орнына Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова тағайындалды. Бұл шешім федерацияның 2024 жылды қорытындылау жиынында қабылданды. 

Жиында Ахметов федерацияның жетістіктері туралы есеп беріп, Рыпакованың кандидатурасын ұсынды. Федерация өкілдері мен министр Ербол Мырзабосынов бұл шешімді қолдап, Ольга Рыпаковаға жеңіл атлетиканы дамыту міндетін жүктеді. 

Даниал Ахметов өз есебінде федерацияның халықаралық жарыстарда қол жеткізген жетістіктерін атап өтіп, жеңіл атлетиканы дамытудағы жаңа бастамаларға тоқталды. Ол президенттікке Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынды.

Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының өкілдері мен спорт қауымдастығы Рыпакованы бірауыздан қолдады. Министр Ербол Мырзабосынов Даниал Ахметовке атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, жаңа басшыға жеңіл атлетиканы жаңа деңгейге көтеру міндетін жүктеді.

«Жеңіл атлетика – елдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Бүгінде 360 мыңнан астам азаматымыз осы спортпен кәсіби түрде айналысады. Сондықтан бұл спортты халықаралық аренада дамыту аса маңызды. Даниал Ахметовтің басшылығымен қазақстандық спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Енді жаңа президент Ольга Рыпакова бұл жетістіктерді одан әрі жалғастырады деп сенеміз», – деді Ербол Мырзабосынов.