«Жібек жолы» туристік пойызы екінші рет сапарға аттана ма?
«Jibek Joly 2.0» туристік пойызы «Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Шымкент-Алматы» бағытымен 5 күндік сапарға шығады. Ол 2025 жылдың 2-7 қаңтар аралығында өтеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Туристік пойыз ұлттық ою-өрнектермен безендірілген жаңа вагондардан құралады.
Түркістанда жолаушылар бір күн тарихи орындарды аралайды. Экскурсия бағдарламасына Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, Отырар музейі және басқа да маңызды мәдени мұралар кіреді.
Ташкентте туристер Хазрати-Имам тарихи кешені, Барақ хан медресесі, Әбу Бәкір Каффали Шаши кесенесі және Төле би ескерткішін көріп, заманауи «Magic City» саябағы мен өзге де көрнекті орындарды тамашалайды.
Самарқандта жолаушылар Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі және атақты Регистан алаңын аралап, ондағы Шер-Дор, Тилля-Кари және Улугбек медреселерін көреді.