Жаңалықтар

Жекеменшік мектептің маңынан мәйіт табылды: Мән-жай анықталуда

Алматы қаласындағы жекеменшік мектептің маңынан өлі адамның мәйіті табылды

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

"Көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған", - дейді полиция өкілдері.