weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
9 желтоқсан, 2024 / Арайна Арайқызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресей интернетті сөндіруге дайындалып жатыр

Көрші мемлекет интернеттен толық ажырауға қызу дайындық үстінде

Ресей интернетті сөндіруге дайындалып жатыр
Svoboda.org

Ақпарат құралдары Ресей әлемдік интернетті ағытып тастауға даярланып жатқанын хабарлады. Көршінің Iguides мамандандырылған порталының мәліметінше, құзырлы органдар апта соңында, тиісті жаттығулар барысында бірнеше қаланы ғаламдық желіден айырып, интернетсіз, байланыссыз қалдырды. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Inbuisiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Соның ішінде әсіресе, Дағыстан, Ингушетия, Шешенстан және Солтүстік Кавказ өлкелерінің тұрғындары шетелдік сайттардың қолжетімсіз болып қалғанына жаппай шағымданды.

Сарапшылардың айтуынша, тығырықтан шығу үшін VPN-ді қолданса да, ІР-адресті алмастырса (подмена ip-адреса) да желі қалпына келмеген.

"Бұл – жаттығулар. Оның барысында байланыс операторларымен бірге Интернет желісінің ресейлік сегменті сырттан қасақана ағытылып тасталған жағдайда, оны ауыстыратын басты инфрақұрылымның жұмысының тиімділігін, ақауларын анықтадық. Сондай-ақ, ақпараттық жүйелердің орнықтылығы сыналды. Себебі, олардың жұмысқа қабілеттілігі шетелдік байланыс желілерінде орналасқан сервистермен, кітапханалармен және басқа ресурстармен байланысуына тікелей тәуелді", – деп мәлім етті Роскомнадзордың баспасөз қызметі.