Коронавирус пайда болғалы күйеуі жақындамай қойған келіншек сырымен бөлісті

19 Наурыз, 2020 1394 0

Әсет пен Мақпал есімді ерлі-зайыптылар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.  Олардың отау құрғанына 7 жылдан асыпты. Мақпалдың айтуынша, осы жеті жыл ішінде, жас жұбайлардың жыныстық қарым-қатынаспен айналыспаған күні болмаған. Дегенмен, елде қауіпті індет пайда болғалы, ерлі-зайыптылар жақындаспай қойған. Оған себеп, азаматының төсекке зауқы шаппауы екен.

«Күйеуім коронавирус қытайда пайда бола бастағанда-ақ қатты уайымға салынды. Таңғы, кешкі асқа зауқы соқпайтынды шығарды. Күні-түні вирустың таралуына қам жеген ол, бір жарым айдың ішінде 20 келідей салмақ тастады. Сәйкесінше, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден қалды. Тіпті, мен оны құшақтап, сүйе бастасам, әр нәрсені сылтауратып, менен де қашатынды шығарды. Алғашқыда онысына аса мн бермедім. Десе де, вирус Қазақстанға келгелі, бөлек бөлмеге жатапы, балалардан да алыс жүр», - дейді күйінген келіншек.

Күйеуі Мақпалға инфекция жұқтырып алудан қорқып, әйеліне жақындамай жүргенін өзі айтқан. «Коронавирус түбегейлі жойылмағанша, жақындаспай-ақ қояйық», - депті жолдасы.

Тегтер: Нұр-Сұлтан, коронавирус, ерлі-зайыпты

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.