Жаңалықтар

Елімізде ауа-райы нашарлап, боран соғады

Синоптиктер 10, 11, 12 желтоқсанға арналған ауа райын жариялады, - деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Аптаның басында қар жауып, боран соғып, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Елдің оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

түнде елдің батысында 0-8 градус аязға дейін,

солтүстік-батысында, солтүстігінде 7-15 градус аязға дейін,

Қазақстанның орталығында 10-18 градус аязға дейін,

республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында 7-20 градус аязға дейін,

оңтүстік облыстарда 5-13 градус аязға дейін көтеріледі", - деп жазылған хабарламада.