Білім

ҚазҰУ – кәсіби мүмкіндіктер мекені

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті сонау 1934 жылдан бері ғылым мен білім мекені ретінде жұмыс жасап келеді. Еліміздің ғылым, білім, мәдениет және қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан терең тарихы бар –  білім ордасы,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазіргі таңда бұл білім ошағының құрамында 16 факультет және 67 кафедра, 8 ғылыми-зерттеу институты, жаратылыстану-ғылыми және техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі 29 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар жұмыс істейді.

Университетте саны 3 мыңнан асатын жоғары білікті оқытушыпрофессорлық құрам, оның ішінде: 9 ҚР ҰҒА академигі, бейіні бойынша 598 доктор, 858 ғылым кандидаты, 461 PhD докторы қызмет атқарып келеді. Оқытушылардың 35 %-дан астамы ағылшын тілін терең меңгерген, оның ішінде тиісті IELTS және TOEFL сертификаттары бар.

Университетте бакалавриат, магистратура және PhD докторантурасының 640-тан астам білім беру бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Университетіміздің базасында даярлаудың 9 бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді.

Университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымында 2 ғылыми зертхана, 8 аккредиттелген зертхана, ғылыми-технологиялық паркі, коммерцияландыру офисі, бизнес-инкубаторы, стартапкомпаниялары және шағын инновациялық кәсіпорындары жұмыс істеп келеді.
2014 жылдан бері Университет Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 10 ғылыми-зерттеу институтымен "Білім және ғылым интеграциясы" жобасын іске асыруда. Университет ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарымен бірлесе отырып, кең ауқымды ғылыми бағыттар бойынша магистранттар мен докторанттар даярлайды. Осы жылдар ішінде бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша 550-ден астам адам оқуын аяқтады, 147 докторант даярланды.

Қазақ ұлттық университетінің әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының арасынан орын алуы – бұл университетіміздің жер бетіндегі сапалы білім беретін оқу орны екендігінің дәлелі. Сондықтан, біз әлемді мойындатқан, ұлы ғалым Әл-Фарабидың есімімен аталатын университетте қызмет атқарып және біліп алып жүргенімізді мақтан етеміз.
Дәл осындай жетістіктерге жету мен осындай көзқарасты қалыптастыру - Қазақ ұлттық Универститетінің  басты мақсаты болып саналады. 
Әл-Фарабидың есімі мәңгі өшпес ғылым жолында екені баршамызға белгілі. Сол себепті алдағы жылдарда бұл қара шаңырақ биік белестерді бағындырып, еліміздің одан әрі дамуына зор үлес қосатынына сенімдіміз.
      
Авакова Р.А.,филология ғылымдарының докторы, профессор
Утемгалиева Н.А., PhD, доцент
Шайманов Армон Сарманович
 «Шетел филологиясы және аударма ісі (батыс тілдері)» кафедрасының 1 курс докторанты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ