Қазақстандағы ең қауіпті аймақтар турасында не білеміз?
"Голос народа" Қай өңірлер қылмыс саны бойынша көш бастап тұр, ал қай жерлерде жағдай салыстырмалы түрде тыныш деген саулаға жауап ізеді, - деп хабарлайды newsroom.kz
Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінің ресми деректеріне сәйкес, елдегі қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Осылайша, 2024 жылдың алғашқы 10 айында елде 117 683 қылмыс тіркелген. Оның ішінде: 21 301 – құқық бұзушылық, 2 620 – аса ауыр қылмыс, 31 431 – ауыр қылмыс, 44 360 – орташа ауырлықтағы қылмыс, 17 971 – жеңіл қылмыс.
Жалпы құқық бұзушылық саны бойынша мегаполистер – Алматы және Астана қалалары көш бастап тұр. Алматыда 21 200 заң бұзушылық тіркелсе, Астанада – 16 045. Ал республикалық маңызы бар үшінші қала – Шымкентте 4 981 құқық бұзушылық тіркелген.
10 айда 5 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген өңірлер: Алматы облысы – 9 260, Қарағанды облысы – 6 758, Ақтөбе облысы – 5 288. Ең төменгі қылмыс деңгейі Ұлытау облысында – 1 418, одан кейін Қызылорда облысы – 2 714, Маңғыстау облысы – 3 139 құқық бұзушылық. Қалған өңірлерде қылмыс саны 3 мыңнан 5 мыңға дейінгі аралықта.
Аса ауыр қылмыстар бойынша көшбасшы – Астана. Мұнда 10 айда 333 қылмыс тіркелген, бұл ең қылмыссыз өңір – Ұлытауға қарағанда 303-ке көп. Алматы қаласы да аса ауыр қылмыстар бойынша астанадан алыс емес – 309 жағдай.
Ауыр қылмыстар бойынша Алматы бірінші орында – 6 519, антирейтингтің келесі қаласы – Астана, мұнда 3 714 қылмыс тіркелген. Осы кезеңде ауыр қылмыс ең аз тіркелген өңір – Ұлытау облысы, барлығы 376 жағдай, одан кейінгі орындарда СҚО – 718 және Жетісу облысы – 777.
Елде қанша қылмыс жасалса да, олардың барлығы бірдей ашылмайды. Ашылған қылмыстардың жалпы үлесі 51,5%-ды ғана құрады. Статистика бойынша, ең үздік полиция қызметкерлері Маңғыстау облысында жұмыс істейді – 78,7%, ал Түркістан облысында бұл көрсеткіш – 75,6%. Ең нашар көрсеткіштер Астанада – 40,1%. 50%-дан төмен нәтиже Абай, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тіркелген.