Елбасы кітапханасының қызметкерлері коронавирусқа қарсы күреске біркүндік жалақысын аударды

19 Наурыз, 2020 154 0

Қазақстан коронавируспен күресуге барынша күшін салып жатыр. Осы тұста індетті таратпаудың барлық жағдайы жасалып, әр азаматтың денсаулығы мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мақсатында сақтық шаралары қолданылуда. 

 Елде санитарлы-профилактикалық тәртіп орнағаны мәлім. Күнделікті өмірден орын алған жағдайда экономиканың барлық салалары үздіксіз жұмыспен қамтылуға мұқтаж. Осы орайда ел азаматтары қысылтаяң кезеңде бірлік пен тұтастық білдіруін тоқтатпайды.

Өз ұлтымен мүдделес ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұжымы коронавирусқа қарсы күреске көмек ретінде біркүндік еңбекақысын аударуға шешім қабылдады. 

Тегтер: Елбасыкітапханасы, коронавирус, Қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.