Жаңалықтар

Қазақстан қауіпті ел ме? Ресейлік әншінің концерті өтпейтін болды

Моргенштерн есімді ресейлік әнші Астана мен Алматы қалаларында өткізбекші болған екі концертіне келе алмайтын болды

Қазақстанда 7-8 желтоқсанда Алматы мен Астанада өтеді деп жоспарланған рэпер Моргенштерннің (шын аты Әлішер Валеев) екі концерті өтпейтін болды. Шараны ұйымдастырған Concerts.prod бұған "техникалық ақау" себеп болғанын айтты. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Азатттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Моргенштерн Instagram-дағы парақшасында "ғажап нәрсе болмады" деп жазып, видео да тіркеп қойған. "Бір күні көрісеміз деп үміттенемін" деді рэпер. 

Бұл Моргенштерннің Қазақстандағы алғашқы концерті болған. Биыл сәуірде де үш концерт жоспарлап, кейін шегерген. Рэпер мұны "қауіпсіздікпен" түсіндірген. Ол "мемлекеттегі біреу" қауіпсіздігіне кепілдік берсе, Қазақстанда концерт өткізетінін айтқан еді.