Жаңалықтар

Жарты сағатта 2 мың қамшы: Алматылық шебер таң қалдыруда

Алматылық Есенкелді Құлжабаев 50 жыл ішінде қамшының екі мың ерекше түрін жасап шығарған. Қолөнер шебері қайыстан өрім өріп, түрлі бұйым жасауды әкесінен үйренген 

Ақпарат агенттігі мәліметінше, Есенкелді Құлжабаев өрімшілік өнерге жастайынан қызығушылық танытқан, 35 жылдай Абай атындағы Қазақтың ұлттық педагогикалық университетінде қолөнерден сабақ берген,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Бұл өнер менің бойыма әкемнен дарыған деп ойлаймын. Әкем шебер кісі еді. Бала күнімнен қызығушылық танытып, қамшы жасауды үйрендім", - дейді Есенкелді Құлжабаев. 

Шебердің айтуынша, қамшы жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді екен.