Жаңалықтар

7 млрд теңгеге криптовалюта сатқан: Астанада қылмыскер ұсталды

Бұл жайлы елорда прокуратурасы мәлімдеді

 

Астанада екі азамат 7 миллиард теңгеге криптовалютамен заңсыз операциялар жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Елорда прокуратурасы мемлекет мүддесі үшін сот шешімімен қанағаттандырылған талап арыз берді. Сотталғандардан мемлекет пайдасына 7 млрд теңге мөлшерінде заңсыз табыс сомасы өндірілді", – деді қадағалау органының баспасөз қызметі.

Прокуратура азаматтық сот ісін жүргізуде барлығы 7,9 млрд теңге сомаға 4 талап қоюға бастамашылық жасады, олар сот шешімдерімен қанағаттандырылды және жауапкерлерден келтірілген залал сомасы толық көлемде өндірілді.