Жүрегі 10 минутқа тоқтап қалды: Шымкент дәрігерлері адам құтқарды
Шымкенттік дәрігерлер 10 минут бойы жүрегі соқпаған науқастың өмірін сақтап қалды
40 жастағы ер адам №2 қалалық ауруханаға "гиповолемиялық шок" және "бүйрек жетіспеушілігі" диагнозымен аса ауыр жағдайда жеткізілген. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Науқастың жүрегі 10 минутқа тоқтап қалды, оны дереу реанимация бөліміне жатқызды. Жедел жүргізілген реанимациялық шаралардың арқасында дәрігерлер жүрек ритмін қалпына келтіріп, науқасты жасанды тыныс алу аппаратына қосты", – делінген хабарламада.
Кейін науқас бес күн бойы нефрология бөлімшесінде ем алып, жағдайы жақсарған.