Әлем

Газа қаласы жайлы не білеміз?

Газа — Палестинада орналасқан қала, сонымен қатар Газа секторының ең ірі қаласы. Қазіргі уақытта Израиль бақылауында. Жерорта теңізінің жағасында, Израильмен шекаралас орналасқан. Халқы  2017 жылғы мәлімет бойынша, 590 мың адам,-деп хабарлайды newsroom.kz

Тарихы 

1948 жыл: Израиль мемлекетінің құрылуынан кейін Газа Палестинаның бөлігі болып қалды.

1967 жыл: Алты күндік соғыс кезінде Газаны Израиль басып алды.

1993 жыл: Израиль мен Палестинаның арасында жасалған Осло келісімі Газаның бақылауын Палестиналықтарға беруді көздеді.

2007 жыл: Хамас Газа секторын басып алады және одан бері Газа секторының саяси және экономикалық жағдайы өте күрделі болып келеді.

Мәліметтер бойынша, Газа қаласында су ресурстары шектеулі. Ол негізінен жер асты суларын пайдаланады, бірақ бұл су ресурстары таусылып қалу қаупі бар. Израиль Газаға су беруді шектеп отыр.

Айта кетелік, Газа секторында Израильдің өткен жылдың қазанынан бері жалғастырып жатқан шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтар саны 44211 адамға жетті.