Медицина

Қазақстандықтардың басым көпшілігі бүйрекке мұқтаж ба?

Еліміз бойынша қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жүйесі қарқынды дамуда. Ресми мәлімет бойынша қазіргі уақытта Алматы облысында  250-ге жуық науқас донорлық ағзаға зәру. Кезекте тұрған науқастардың басым бөлігіне бүйрек трансплантациясы қажет. 2020-2024 жылдар аралығында мәйіттік донор саны 20-ға жеткен,- деп хабарлайды newsroom.kz

Биыл 35 адамның туыстары донорлықтан бас тартты. Медициналық тұрғыдан инфекциялық қаупі бар адамдарды донорлыққа алмайды. Әр адам кемінде үш-тен алты адамға дейін жаңа өмір сыйлай алады.

Медицина саласында ағзалар мен тіндерді ауыстырып қондыру әдісі кеңінен тараған. Қазір Қазақстанда 6 трансплантация орталығы бар. Соңғы уақытта адамдарға ағза ауыстыру, мәйіт донорлығы жайлы кеңінен ақпарат таратып, аталған саланың жұмысын жақсарту үшін транспланттауды үйлестіруші мамандарды даярлау қолға алынды.

«Ағза ауыстырудың екі түрі бар: тірі донорлық және мәйіт донорлығы. Мәйіт донорлығы тиімді жол болғанымен, бұл ретте дүниежүзі бойынша тапшылық бар. Ал Қазақстанда мәйіт донорлығы енді ғана дамып келеді. Көрсеткішке сүйенсек, қазір елімізде 4112 адам күту парағында тұр, оның 104-і бала. Науқастардың 3756-ы бүйрекке мұқтаж, бұл дегеніміз – 91%. Трансплантация саласындағы барлық қызмет біздің елде тегін жасалады. Егер «қара нарық» бар болса, біздің бірыңғай күту парағымыз азайып қалар еді. Мамандар ашықтық, жариялылық пікірлеріне сүйенеді. Мұнда бірақ медицинаның «зияныңды тигізбе» деген принципі бұзылады. Тірі донордың бүйрегін немесе бауырын алу да әзірге сирек жағдай. Айта кететіні, ағза донорлығына ешкім адамдарды арнайы дайындамайды. Қазақстанның азаматы ағзалары немесе тіндері тірі кезінде және қайтыс болғаннан кейінгі донор бола алады», — дейді Алматы облыстық донорлық үйлестіруші Ақерке Тоеке.

Айта кетелік, қылмыстық кодекстің 116, 128, 135, 315-бабы бойынша трансплантацияны заңсыз жүзеге асыру заңмен қатаң қудаланады.