Қазақстанда биыл мопедтерге қатысты жол-көлік оқиғасында 40-тан астам адам мерт болды
Осы жылдың 7 айында мопедтерге қатысты 700-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтер бойынша, осы жылдың 7 айында мопедтерге қатысты 734 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 адам қаза тапқан, 799 адам жараланған.
Биыл мопед жүргізушілерінің 53 мыңнан астам құқық бұзу дерегіне қатысы болған.
Айта кетелік, Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мопед пен скутер жүргізушілеріне жүргізуші куәлігі қажет болады. Бұрын бұл көліктерді басқару үшін арнайы рұқсат талап етілмейтін. Енді "А1" санатындағы куәліксіз мопедпен жолға шығуға тыйым салынады. Алайда заң бұзған мопедшілерге айыппұл тек 4 сәуірден бастап салынады.