Қазақстан 80 млрд теңгеге әскери ұшақ сатып алды
Алматыға Қазақстан Қарулы Күштері үшін 145 миллион еуроға (80 миллиард теңгеден аса) сатып алынған ұшақ жеткізілді
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Airbus Defence and Space компаниясымен 2021 жылы жасасқан келісімшартқа сәйкес, екінші ұқсас ұшақ 2026 жылы жеткізіледі, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Әскери-көлік ұшағының салмағы 37 тоннаға және толық тиелген кезде ұшу қашықтығы 3,3 мың км-ге дейін жетеді. Еліміз әлемде осындай ұшағы бар тоғызыншы мемлекет.
Airbus A400M – әртүрлі міндеттерді шешуге қабілетті әмбебап ұшақ. Ол ауыр техниканы, оның ішінде бронетранспортерлерді, артиллериялық қондырғылар мен тікұшақтарды тасымалдайды.