Жаңалықтар

Жетісу облысы: Ескелді ауданында мал саны қанша пайызға артты?

Жетісу облысының Ескелді ауданында осы жылдың он айында ірі қара, ұсақ мал, мен жылқы саны ұлғайды. Бұл туралы бүгін Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Сонымен бірге ет, сүт өндірісі артып, мал бордақылау алаңдарының жүктемесі өткен жылғы көрсеткіштен 1,6 есеге өсті.

Атап айтқанда, ірі қара 41,2 мың басқа, ұсақ мал 145,7 мың басқа, жылқы 13,4 мыңға жеткен.

- Ауданда жобалық қуаты 2350 басқа арналған 9 тауарлы сүт фермасы, 1900 басқа арналған 4 мал бордақылау алаңы бар, олар бүгінгі күні 82%-ға жүктелген. Сол сияқты биыл ауданның ветеринариялық қызметін жақсартуға 341 млн. теңге бөлінді. Өткен жылы Бақтыбай, Жалғызағаш, Қоңыр ауылдарына модульді ветеринариялық пункттер, биыл Қайнарлы, Жетісу және Ақын Сара ауылдық округтерінде осындай пункттер қолданысқа берілді. Оған қоса соңғы екі жылда 4 арнайы автокөлік алынып, саланың материалдық-техникалық базасы жаңартылды, - деді аймақ басшысы Б. Исабаев.