Францияның әйгілі Эйфель мұнарасы жайлы не білеміз?
Эйфель мұнарасы өзінің әйгілі құрастырушысы Густав Эйфельдің атымен аталған. Париждің бұл нышаны уақытша ғимарат ретінде, 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып, салынған болатын,- деп хабарлайды newsroom.kz
Teletex Holіday тур фирмасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, әлемнің 7 кереметінің ішінде Эйфель мұнарасы екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнараның үшінші қабатына 200 млн адам көтерілген. Ол бүгінде Францияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион еуро әкелетін үлкен табыс көзіне айналды. 2007 жылы Эйфель мұнарасының 120 жылдық мерейтойы аталып өткен болатын. 2005 жылы осы мұнараның астына су қатырылып, мұзайдыны жасалынды.
Айта кетелік, Эйфель мұнарасының шағын көшірмелері әлемнің бірқатар қалаларында бар: Лас-Вегас (АҚШ), Гаунчжоу және Шэньчжэн (Қытай), Слобозия (Румыния), Копенгаген (Дания), Варна (Болгария), Алматы (Қазақстан).