Алматыда ерлі-зайыпты пәтерде марихуана өсіргені анықталды
Алматыда ерлі-зайыпты пәтерде марихуана өсіргені анықталды
Алматыда ерлі-зайыпты қаланың төменгі бөлігінде орналасқан «Алтай» ықшам ауданындағы пәтерінде үй өсімдіктерімен қатар қарасораның есірткі түрін де өсірген, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Үй иесінің айтуынша, ол марихуананы өзі тұтынуы үшін өсірген. Бірақ сараптама оның ағз
асынан есірткіге сәйкес заттардың барын көрсетпеген. Алайда онымен бірге тұратын 52 жастағы әйелінен анықталған.
«Есірткі қолданғаны үшін оған ҚР ҚК 296-бабы бойынша қылмысты
қ іс қозғалды. Сонымен қатар ер адамға қатысты үй иесі болғандықтан ҚР ҚК-нің 300-бабымен (өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің үйінен тек құмырада өсетін сегіз қарасора табылды. Барлық заттай айғақтар тәркіленіп, тиісті сараптамаға тапсырылды. Екеуінде де тұрақты жұмысы жоқ. Әйел бұрын аса ауыр қылмысы үшін сотталған. Қазіргі уақытта қылмыстық заңнаманы бұзудың барлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Ерлан Аянбаев.