«Каспий» өз футболшыларын жалақысыз қалдырды

19 Наурыз, 2020 101 0

Ақтаудың «Каспий» ФК ойыншылармен арадағы еңбек келісім-шартын бір жақты бұзып, 15 сәуірге дейін жалақы төлеуден бас тартты, деп хабарлайды, newsroom.kz ақпарат агенттігінің тілшісі KazFootball-ға сілтеме жасап.

Басшылықтың айтуынша, бұл шара елде коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдайдың жариялануынан кейін қабылданған.

Сондай-ақ, егер төтенше жағдай мерзімі ұзартылатын болса, футболшылар жалақысыз жүре береді.

Айта кетейік, Қазақстанда 15 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланған-ды. 


Тегтер: КаспийФК, Футбол, Төтеншежағдай, Жаңалықтар, жалақы, Әлем,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.