Шымкентте 34-жастағы әйел 10-шы баласын босанды
Қарашаның 27-сі күні Азиза Калиева дүниеге 10-шы перзентін әкелді
Бұл көпбалалы ананың 14-ші жүктілігі екен,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
Жүктілігім жақсы өтті. Баланың денсаулығы жақсы. Дәрігерлерге рақмет,- деді ана.
Азизаны үйінде 5 ұлы мен 4 қызы асыға күтіп отыр.
Осыған дейін Азиза екі баласын ота арқылы босанған. Бұл бала 38-ші аптада, 4.940 келі салмақпен туылды. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы, деді акушер-гинеколог Жанар Омарова.