Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Президент карантин кезінде әйелімен бірге мейрамханада ұсталып қалды

Президент карантин кезінде әйелімен бірге мейрамханада ұсталып қалды

Президент карантин кезінде әйелімен бірге мейрамханада ұсталып қалды
ашық дереккөзі
Австрия президент Александр Ван дер Беллен әйелі Дорис Шмидауэр мен бірге мейрамханада отырған жерінде полицияға ұсталып қалды.  Ол коронавирусқа байланысты шектеу шараларының енгізілуіне орай, жабылуы керек болған мейрамхананың жазғы террассасында отырған, деп хабарлайды Newsroom + тілшісі ақпарат порталы, zakon.kz-ке сілтеме жасап.  />

 

<a href=Kronen Zeitung басылымы Вена полициясының дерегіне сілтеме жасап жазғанындай, қалада енгізілген ережелерге сәйкес мейрамхана бір жарым сағат бұрын жабылуы керек болыпты. Енді мейрамхана иесі 30 мың еуро төлеуі мүмкін. Оны жазалау туралы шешімді Вена магистратының директоры шығарады. Айтпақшы, ыңғайсыз жағдайға тап болған Австрия президенті де оқиғаны түсіндірді. "Оқшаулану кезеңі басталғалы бері мен бірінші рет екі досым және әйеліммен тамақтануға бардым. Өкінішке орай, біз әңгілемелесіп отырып, уақыт жайлы ойлауды ұмытып кетіппіз. Мен бұған қатты өкінемін. Бұл - қателік болды. Егер иесі шығынға ұшыраса, ол үшін мен жауап беремін", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында газетке шыққан мақаланы арқау етіп.