Playboy журналы баспа нұсқасынан бас тартты

19 Наурыз, 2020 84 0

АҚШ-тың ерлерге арналған Playboy журналы баспа нұсқасын шығарудан бас тартты, деп хабарлайды Playboy Enterprises басылымының басшысы Бен Кон (Ben Kohn) Medium платформасындағы парақшасында.

Оның айтуынша, журналдың соңғы баспа саны биыл көктемде шықпақ. Негізі журнал өткен жылдан бері тоқсан сайын бір шығып келеді. Кон баспа нұсқасынан бас тарту жайлы бұрынан талқылап келе жатқанын жеткізді.

«Біз алдағы уақытта электронды контентті дамытуға тырысамыз»,- дей келе 2021 жылы баспа нұсқаға қайта көшуі мүмкін екенін де жазды. 

Playboy 1953 жылдан бері АҚШ-та 51 мың данамен шықты. Негізін Хью Хефнер қалаған. Осы уақытқа дейін журнал мұқабасында Мэрилин Монро, Синди Кроуфорд, Памела Андерсон сынды танымал әйелдердің суретімен шықты. 2017 жылы Хефнер қайтыс болған соң, басшылық Бен Конге тиді.


Тегтер: Playboyжурнал, МэрилинМонро, СиндиКроуфорд, ПамелаАндерсон, БенКон,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.