Әлем

АҚШ-тан Қытайға 40 минутта: Илон Маск ұшақтарды зымыранға алмастырады ма?

Миллиардер Илон Маск ұшақтарды өзінің Starship ғарыш зымырандарына ауыстырғысы келеді. Осының арқасында АҚШ-тан Қытайға ұшу 40 минуттан аз уақытты алады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жобаны Маск басқаратын SpaceX алғаш рет 2017 жылы ұсынған болатын. Starship зымыраны 27 мың км/сағ жылдамдыққа жетеді деп болжанған. Осының арқасында Нью-Йорктен Шанхайға ұшу небәрі 39 минутты алады. Сондай-ақ жолаушылар Лондоннан Америка Құрама Штаттарына жарты сағатта, Цюрихтен Сиднейге 50 минутта жетеді.

Жоспар бойынша зымыран 1000 жолаушыны қабылдай алады. Ұшырылғаннан кейін ғарыш кемесі орбитаға шығып, жерге параллель жүріп, межелі жерге жетуі керек.

Дегенмен, Starship-те болатын адамдар қысымға байланысты күйзеліске ұшырайды және қауіпсіздік белдіктерін шеше алмайды. Зымырандық ұшулар қазіргі уақытта үлкен сома тұрады. Бір ұшыру кем дегенде 50 миллион долларға бағаланады.