Жаңалықтар

Атырау облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгені құрады

Атырау облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,7 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлім етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Өңір басшысының айтуынша, Атырау облысы республика бойынша инвестиция тартудан көш бастап тұр.

- Тұтастай алғанда, елімізге тартылған инвестицияның 13%-ы Атырау облысына тиесілі. Ал биыл 6 айда шетелдік тікелей инвестиция 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. Баршыңызға белгілі Теңіз кен орнында «Келешек кеңею» жобасы аяқталуда. Осы жоба аясында өңірге биыл 840 млрд. теңге инвестиция құйылды. Дегенмен, аймақта өзге салаларды дамытуға бағытталған инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді,- деді С.Шәпкенов.


Жыл басынан бері Атырауда жалпы құны 46,1миллиардтан асатын 8 инвестициялық жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 24,2 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жоба жұмысын басталады деп күтіліп отыр.