Аймақтар

Көкшетауда ЖЭО салу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде – Ақмола облысының әкімі

Өңірді сумен қамтамасыз ету үшін 34 млрд  теңгеден  астам қаражат бөлінген, - деп хабарлайды Newsroom.kz 

Марат Ахметжановтың айтуынша, инженерлік-геологиялық іздестірулер мен уақытша құрылыстаға арналған алаң ұйымдастыру жұмыстары басталды.

«Биыл Степногорск қаласында 8 км желі жөнделді, бұл желілердің тозуын 82% -дан 73%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы сияқты жұмыстар Атбасарда да жүргізілді. Жылу көздері мен желілері бойынша жоспарланған жұмыстар 100% орындалды», – деді Ақмола облысының әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Биыл сумен қамтамасыз етуге 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Егіндікөл ауданында Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, 70 шақырымға жуық желі салынды.

«Көкшетау қаласының су тазарту құрылыстарын салу жобасы аяқталу сатысында тұр. Желтоқсан айында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаймыз, кейін персоналды оқытумен іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіледі», - деді Марат Ахметжанов.