Жаңалықтар

Астанадағы Telegram кеңсесі: министрлік мәлімет берді

Жуырда Астана қаласында Telegram желісінің кеңсесі ашылатыны жайлы newsroom.kz тілшілері министрлікке ресми сауал қойды

Жуырда Астана қаласында Telegram желісінің кеңсесі ашылатыны жайлы ақпарат тараған. 

Осыған орай, жақын күндері ғана Парижде тұтқындалып, әлемді дүрліктірген Дуров негізін қалаған желі туралы цифрлық министрліктен мәлімет сұраттық.

Біз сұратқан сауалға берілген жауап мынандай болды:

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Newsroom.kz порталының сұрауын қарастырып, келесіні хабарлайды. Министрлік Telegram кеңсесі Астана хабы аумағында ашылатыны н растайды. Кеңсе ресми түрде ашылғаны туралы ақпарат пайда болған жағдайда, бұл жаңалықпен міндетті түрде бөлісеміз.  Сонымен қатар, Министрлікте Альмира Аманжолова туралы ақпарат жоқ. Осыған байланысты, сұрақтарыңызға түсініктемелер алу үшін компанияға тікелей жүгінуді ұсынамыз, - делінген хабарламада.