2024 жылдың 2-ші желтоқсаны Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға ресми іс-сапармен келді. Бұл сапардың басты мақсаты – екіжақты ынтымақтастықты нығайту, Украинаға соғыс жағдайында қолдау көрсету және еуропалық серіктестермен саяси және экономикалық мәселелерді талқылау,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі
Сапар барысында Шольц Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, елдің қорғаныс қабілетін арттыруға арналған көмек пакеттері, экономикалық қолдау және Еуроодаққа интеграция мәселелерін талқылады. Германия канцлері сонымен қатар Киевтегі бірнеше гуманитарлық жобаларды аралап, неміс үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бастамалармен танысты.
Шольцтің Украинаға сапары Германияның Киевке ұзақ мерзімді қолдау көрсетуге дайын екенін тағы бір рет растады. Канцлердің айтуынша, бұл сапар – Германияның демократиялық құндылықтарды қорғау және Украинаның егемендігін қолдау ұстанымының айқын дәлелі.