Әлем

АҚШ Грузиямен стратегиялық қарым-қатынасын тоқтатты

АҚШ Грузияның билік тарапының ЕО-ға кіруге қатысты ұстанымына байланысты стратегиялық әріптестігін тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Америка Құрама Штаттары өздерінің негізгі принциптерін бұзған Грузиямен стратегиялық серіктестігін тоқтатты. Бұл туралы 30 қарашада АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер хабарлады. Ресми мәлімдеме департаменттің сайтында жарияланған.

“Вашингтон мен Еуропалық Одақ «Грузин арманы» партиясының ЕО-мен интеграция процесін тоқтату туралы шешіміне өкініш білдіреді”, делінген мәтінде.