Жаңалықтар

Павлодар облысын жаңа жылға безендіру үшін 90 млн жұмсалмақ

Екібастұз және Павлодар қалалары жаңа жылға орай безендірілмек

Павлодар облысының әкімшілігі биыл Екібастұз қаласын безендіруге 38 млн теңге кетсе, Павлодар қаласына 52 млн теңге бөлінбек екенін мәлімдеді. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

Облыс әкімі Асаин Байхановтың айтуынша, бұл қаржыға қала ішінде мұзайдындар салынып, көшелер безендіріледі екен. Сонымен қатар, бұл қаражат тек жаңа жылға емес, 1 жыл ішінде өткізілетін барша мейрамдардың безендірілуіне жұмсалу қажет.