Семейде балалар пойызы іске қосылды
Жаңартылған балалар теміржолы Бейбітшілік аралында пайдалануға берілді. Сонымен қатар аралда жаңа қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Қоғамдық кеңістікте балалар ойын алаңдары, футбол, волейбол, стритбол алаңдары мен воркаут аймағы бар.
Балалар теміржолы 1979 жылы ашылған, алайда 90 жылдардың ортасына қарай жабылған еді.
Пойыз аралдың әсем жерлерін аралап, жолаушыларға Ертіс өзенінің әдемі көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде теміржол ұзындығы 2 шақырым болады.
Тепловоз бен вагондар теміржол техникасына маманданған Қамбар машина жасау зауытында дайындалды. Ұзындығы 12 метр болатын әр вагонда 32 орын бар.