Мәдениет

Театрға барудың пайдасы бар ма?

Театрға барудың пайдасын назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

Таным-түсінік

Ең бірінші пайдасы театрға келу арқылы адам өзгеге қарай отырып өзін таниды. Өзін табады. Өзіне есеп беруге қадам жасайды. «Мен кіммін?» – деген сұраққа жауап таба бастайды. Бірден емес әрине, біртіндеп. Театрға екі-үш рет келген адам өзінің ішкі жан-дүниесі нені қалайтынын, не керек екенін сезіне бастайды.

Өзгеріс

Екінші пайдасы – адамның жақсы жағына өзгеруіне мол мүмкіндік беретіндігі. Театр – өнер ошағы, ол көрермендерге әрдайым дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, жол сілтеп отырады. Сол үшін де бұнда талғамы биік, кәсіби мамандар көркем ой біріктіріп жұмыс жасайды.

Мәдениет

Үшінші пайдасы – мәдениеттілікке жасалатын визуалды-вертуалды, интеллектуалды қадам.

Кітап

Төртінші – ол көрерменнің кітап оқығанмен тең білім алатындығы. Бүгінгі күні кітап оқиын десе де көп адам оған уақыт таба алмайды, ол рас. Қазір аудио кітапқа көп көңіл бөлініп жатыр. Бұнда да сол сықылды, бірнеше күн жүріп оқитын кітаптың оқиғасын 50 минут, 1 сағат 20 минутқа сыйғызып көз алдына тірі кейіпке енгізіп, жанды дауыста, бейнеде көрсетіп береді.

Медитация

Бесіншісі – театр адам жанын тыныштандырады. Сахнадағы іс-әрекетті көріп отырып әр көрермен өз ойымен оңаша (уединение) қалады. Ойға шому арқылы байсалдылыққа, сабырлылыққа, шыдамдылыққа үйренеді.

Айта кетелік, еліміздегі қалаларда 73 театр жұмыс істейді, оның ішінде 39 драма, 11 қуыршақ, 7 – жас көрермен театры, 4 музыкалық комедия, 4 опера және балет театры.