Жаңалықтар

Сәбит Мұқановтың қызы қайтыс болды

Белгілі қазақ жазушысы және қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың қызы Баян Мұқанова өмірден өтті

Баян Мұқанованың өмірден өткені жайлы ақпаратты Ғ.Мүсірепов пен С.Мұқановтың әдеби-мемориалды музей кешені мәлімдеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

Марқұмның жақындары мен туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз,- делінген хабарламада. 

Баян Мұқанова отбасының ғылыми жолын жалғастырып, өмірін білімге арнады. Ол химия ғылымдарының докторы атанып, ауылшаруашылық институтында сабақ берген еді.