Нәресте неге жылайды?
Кішкентай баланың жылау себептері қандай және оны қалай тыныштандыруға болатынын назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz
Кейде баланың жылау себебін анықтау оңай болады, ал кейде бірталай ой-өнерін қажет етеді. Жаңа туған бала жылауының ең көп тараған себептері осындай:
Қарны ашу
Яғни нәресте өзінің қарны ашқанын жылау арқылы білдіреді. Мұндай жағдайда нәрестені емізіп немесе тамақтандырған дұрыс.
Лас немесе дымқыл жөргек
Кейде дымқыл болмаса да, қысып, ыңғайсыздық тудырады.Сол себепті жөргекті жиі ауыстырып отырған жөн.
Жылап жатқан баланы тыныштандыру үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
Жұмсақ шу
Табиғат, теңіз шуы, тыныштандыратын музыка қосып көріңіз. Бұл нәрестенің назарын аударуға көмектеседі.
Кейбір сәбилер төсеніш ретінде кішкене шүберек немесе көрпе қолданғанды ұнатады. Оны дүкеннен алуға болады. Және анасының төсегінде жатып, иісін иіскесе, жақсы нәтиже береді.
Сәбиге тыңдайтын немесе қарайтын нәрсе табыңыз
Бұл радиодағы музыка, сылдырмақ, төсек үстіндегі ұялы телефон немесе Яндекс станциясы болуы мүмкін.
Балаңызды шешіндіріп, массаж жасап көріңіз
Массаж істеу кезінде жұбатып сөйлесіңіз және бөлмені жеткілікті жылы ұстаңыз. Нәрестелерге массаж курстарын тауып, арнайы массаж түрлерін үйренуге болады.