Ұшқыш қанаты сынған ұшақты жерге қондырды

29 Тамыз, 2018 647 0

Jet2 авиакомпаниясының ұшқышы Манчестер әуежайында қанаты сынған ұшақты аман-есен жерге қондырды. Әуе кемесі Грекияның Крит аралынан шығып, жоспар бойынша Англияның Лидс қаласына қонуы керек болатын. Алайда, әуежайға жеткен кезде ұшқыш лайнер қанатының жылдамдықты төмендетуге жауап беретін бөлігі істен шыққанын хабарлап, жерге қауіпсіз қону үшін басқа әуежайға ұшып шығуға рұқсат сұраған.
"Біз ұшақты Манчестер әуежайына қарай бұруға шешім қабылдадық, себебі онда қону жолағы ұзынырақ әрі жерге қауіпсіз қонуға ыңғайлы", — деп мәлімдеді оқиғағы Jet2 өкілі.
Ұшақ жолаушыларының бірі қиын сәтте жолаушылардың өмірін сақтап қалған әуе кемесі командирін «қазіргі заманның қаһарманы» деп атады. 
"Ол өте тамаша ұшқыш, ұшақ жерге қонғаннан кейін ол кабинасынан шығып, әрқайсымыздың жанымызға келіп, жағдайымызды сұрады", — дейді 13 жасар қызымен бірге ұшақта болған 42 жастағы Дженнифер Гилрой.
Ұшақ жерге сәтті қонғанымен ондағы жолаушылардың көбісі қорқыныштан естерінен танып қалған. "Маған ұшақ ешқашан тоқтамайтындай болып көрінді. Жерге қонғаннан кейін де зырғып жүріп барады, жүріп барады", — деп еске алады Гилрой.

Дереккөзі: Сегодня

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.