Сүйген қызым коронавируспен ауырып қалды: не істесем болады?

19 Наурыз, 2020 56 0

Дәл осылай мұңын шаққан қазақстандық жігіт сүйген қызының шетелдердің бірінде қалғанын айтып, newsroom.kz порталының редакциясына мұңын шақты.

Оның айтуынша қарапайым отбасыдан шыққан оның сүйіктісі ауқатты әулеттен. Дегенмен махаббат жасқа ғана емес, жағдайға да қарамайды деген ол, қазіргі пандемияның бәрі уақытша, түбінде бұл ауруды жеңіп шығатынан сенімді. 

Қазір еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауылдардың біріне кетіп қалған жігіт күніге сүйіктісімен онлайн байланыста. Габриэль Гарсиа Маркестің «Оба дерті кезіндегі махаббат» кітабын киносымен көріп жатырмын деген жас жігіт өз есімін айтудан бас тартып, кинодағыдай 50 жылдан кейін емес, 14 күннен кейін жолығатындарына кәміл сенімді. Махаббат коронавирусты да жеңіп шығады – деген ол түбінде бәрі жақсы болады дейді.

Фото: aif.ru 


Тегтер: коронавирус, махаббат, қоғам, жаңалықтар, қазақстан, әлем, оқиға

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.