Жаңалықтар

Австралия 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тыйым салатын заң қабылдады

Австралия әлемде бірінші болып 16 жасқа толмаған балаларға арналған әлеуметтік желіге тыйым салатын заң қабылдады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы euronews арнасына сілтеме жасап.

Заң жобасын Австралия парламентінің қос палатасының мүшелері мақұлдады.

Австралия парламенті 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеулер енгізетін заң жобасын қабылдады. Бастамашылардың айтуынша, ол австралиялық балаларды әлеуметтік желілерден келетін зияннан қорғауға арналған.

Біз мұны барлық ата-аналар үшін жасаймыз. Олар да мен сияқты балаларымыздың интернеттегі қауіпсіздігіне қатты алаңдайды. Мен австралиялық отбасылар үкіметтің оларға қамқорлық көрсететінін білгім келеді,- деді Энтони Албаниз Австралияның премьер-министрі.

Дегенмен, пайдаланушылардың өздері жаңа заңды бұзғаны үшін айыппұл қарастырылмаған. Әлеуметтік желілер бұл норманың сақталуын қадағалап, балалардың қолжетімділігін өз бетінше шектеуі керек. Талаптарды бұзғаны үшін цифрлық платформаларға 30,4 миллион еуродан астам айыппұл салынады.

Бұл ретте әлеуметтік желілерде пайдаланушылардан мемлекет берген жеке басын куәландыратын құжаттарды, соның ішінде төлқұжат немесе жүргізуші куәлігін талап етуге тыйым салынады.