Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 47 мың қорапқа жуық акцизсіз өнімді тәркіледі,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 50 миллион 274 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы және осы іске қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.