Жаңалықтар

Қазақстан ағылшын тілін білетін елдер қатарында 103-ші орында

Қазақстан ағылшын тілін білетін елдердің арасында 103-ші орында. Тізімде барлығы 116 мемлекет. Жыл сайын әлемде ересектердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын Education First компаниясы осындай рейтинг жариялайды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Jibek Joly арнасына сілтеме жасап.

Education First компаниясы түзген рейтингте көшбасшы Нидерланды мемлекеті. Ал екінші орында Норвегиялықтар. Үздік үштікті Сингапур аяқтады.

Бізде ағылшын тілі 3-сыныптан басталады. Ол уақытқа дейін кейбір оқушылар қосымша дайындалып барады, кейбір оқушылар дайындалмайды. Бағдарлама бойынша, дыбыстарды үйренбей жатып, бірден мәтінмен жұмысқа көшеді екен. Ал ағылшын тіліндегі дыбыстардың орны ерекше. Мысалы, 26 әріп болғанымен, 44 дыбыс бар,- деді ағылшыны тілі пәнінің мұғалімі Айжан Ақатаева.

Ағылшын тілін оқытатын курстардың бағасына тоқталсақ, топтық оқыту 30 мың теңгенің төңірегінде. Кіші топтар яғни бір топта екі адам болса, 50 мың теңгенің үстінде. Ал, жеке дара білім аламын деушілер үшін 80 мың теңге қажет.

Қазақстанда ағылшын тілі деңгейі жақсы Алматы қаласы. Екінші орында- Алматы облысы. Үшінші орын Астанаға тиесілі. Ал, төменгі көрсеткіш Жамбыл мен Қарағанды облыстарында.