Жаңалықтар

ОДКБ кезекті жиыны басталды

Қазақстан тарапының төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті, - деп хабарлайды newsroom.kz

Шараға ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов және ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы, генерал-полковник Андрей Сердюков қатысты.

Отырыста қатысушылар ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси жағдай туралы пікір алмасты, ынтымақтастықтың нәтижелерін және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Ерекше назар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын бірлесіп атап өтуге дайындық мәселелеріне аударылды.