Өскемен қаласының әкімі қызметінен кетті
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қызметінен кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz
“Алты жыл деген аз уақыт емес, көп те уақыт емес. Осы аралықта сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суыға тоңып шама-шарқымыз келгенше қызмет атқардық. Ұзақ сөйлемей, қысқаша қайырып айтатын болсам, қала басшысы лауазымымдағы қызметім, тәмамдалуда. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Өз басым осынау көрікті шаһар – Өскемен қаласының тұрғындарына, яғни сіздерге, ел басшылығына маған сенім білдіргендеріңізге ризашылығымды айтқым келеді”- деді Жақсылық Омар.
Айта кетелік, ол бұл қызметті 2018 жылғы тамыздан бері атқарған.