Жаңалықтар

Студенттер 500 мыңға дейін стипендия алады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында студенттердің шәкіртақысына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап

Магистратура, докторантура студенттері үшін шәкіртақы жыл сайын 20%-ға өсіп отырады. 2028-2029 оқу жылына дейін 100 пайызға өседі. Мәселен, докторантураның шәкіртақысын осы уақытқа дейін 500 мың теңгеге жеткіземіз. Бұл алдағы бесжылдыққа арналған жоспар, - деді министр.