Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға заңды түрде жұмыс істеуге қашан бара алатынын айтып берді
Қазан айына Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігімен келіссөздер жүргізген. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Олардың Еңбек министрлігінде басшылық ауысып, біздің келісімді келісу процесі сәл созылып кетті. Құжат әзірленіп, талқылау және келісу үшін Оңтүстік Кореяға жіберілді", – деді Жақыпова Мәжіліс кулуарында.
Министрдің айтуынша, бұл келісім жыл аяғына дейін қабылдануы мүмкін. "Содан кейін қазақстандықтар ол жаққа жұмысқа бара ала ма?" – деп сұрады журналистер.
"Әрине", – деп жауап берді еңбек министрі.