Жаңалықтар

Ресей Каспий теңізінің үстімен круиз саяхатын ұйымдастырады – БАҚ

Келесі жылы Каспий теңізінің үстімен  "Николай Жарков" кемесі круизге аттануы мүмкін

Кеме екі бақыт бойынша крузиге шығады. Олардың бірі Ақ теңізге "Теңіз сақинасы" бағдарламасымен аттанса, екіншісі Каспий теңізіне "Кавказ аңыздары" бағдарламасымен жол тартады,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

"Водоход" компаниясы да Каспий жағалауында орналасқан Махачкала, Ақтау, Түркменбашы, Баку және Бендер-Энзели қалаларына арналған круиздық бағдарламаны іске қоспақшы. 

"Бұл қалалар орналасқан мемлекеттерге заң жүзінде круиз туристерінің визасыз негізде ел территориясына кіруін қамтамасыз ету керек"-деді "Водоход" компаниясының басшысы Ришат Багаутдинов

"Николай Жарков" кемесі 176 адамға арналған. Қонақтарға арнайы люкс-бөлменің жеті түрі ұсынылады.