Коронавирустың алдын алу үшін бес айлық қызына тасбақанын қанын берген
Коронавирустың алдын алу үшін бес айлық қызына тасбақанын қанын берген
Доминикан республикасында бес айлық нәрестеге коронавирусқа профилактика ретінде тасбақа қанын ішкізгеннен кейін ол көз жұмған деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ерекше дәрі жайлы кеңесті отбасылардың біріне гаитяндық шаман Вуду айтқан.
Осыдан кейін нәрестенің ата-анасы тасбақаның қанын өздері ішіп, жеті жастағы және бес айлық қызына да берген. Тасбақа қанын ішкеннен кейін доминикандықтар өздерін нашар сезініп, дәрігер шақырған. Оларды ауруханаға жеткізген уақытта нәресте көз жұмған. Қалғандарының жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.
Еске сала кетсек, осыған дейін отандық ғалым Лесбек Құтымбетов елімізде коронавирусқа қарсы вакцина қалай әзірленіп жатқанын айтқан еді. Ғалым вакцинаны жаппай қолданысқа енгізу үшін препарат бірнеше сатылы сынақтан өтуі керек екенін жеткізді. Қазір зертханалық тәжірибелер тышқандар мен қояндарға жүргізіліп жатыр. "Клиникаға дейінгі сынаққа адамның қатысы жоқ. Бұл жерде зертханалық жануарлар қатысады. Тышқаннан бастап, қоян, атжалман, теңіз шошқасы, мысықтар мен иттер. Қазіргі уақытта біз вакцинаны тышқандар мен қояндарға салдық. Әзірге нәтиже жаман емес", - дейді Құтымбетов.