Көлікке қалай ақша жинауға болады?
Көлік иесі атану — көп адамның арманы. Бірақ, ол үшін көбісінің қаражаты жеткіліксіз болып жатады.
Дегенмен, ақша жинаудың бірнеше тиімді тәсілдері бар. Newsroom.kz тілшісі бұл мақалада көлікке ақша жинаудың қыр-сырымен бөлісті.
1. Қаржылық мақсат қою
Алдымен, мақсатты айқындап алған жөн. Қандай көлік сатып алғыңыз келетінін, оның бағасын және оны алуға қанша уақыт бар екенін анықтаңыз. Бұл сізге қаржылық жоспар құруда көмек болады. Мысалы, сіздің таңдаған көлігіңіз 2 000 000 теңге тұрады, ал оған 1 жыл ішінде қол жеткізгіңіз келеді. Бұл жағдайда ай сайын қанша ақша жинау керектігін есептеп, оның мүмкіндігін қарастыру маңызды.
2. Бюджетті жоспарлау
Қаржы жинау үшін шығындарыңызды бақылауға алып, қай жерден үнемдеуге болатынын анықтау қажет. Мысалы, артық шығындарды қысқарту, сырттан тамақтануды азайту немесе қоғамдық көліктерді пайдалануды негізге қоюға болады. Сондай-ақ, үйдің тағамын жұмыста тұтыну да айтарлықтай ақша үнемдеуге мүмкіндік береді.
3. Тұрақты жинақ жасау
Әр ай сайын белгілі бір соманы жинақ шотына аудару әдетіне айналдырыңыз. Жинақтау үшін арнайы шот ашып, оған автоматты түрде белгілі бір соманы аударып отыратын жүйе орнату тиімді. Сондай-ақ, банк депозиті немесе басқа да табыс әкелетін инвестициялар арқылы ақшаңызды көбейтуге болады.
4. Қосымша табыс табу
Егер негізгі жұмысыңыздан түскен табыс жеткіліксіз болса, қосымша жұмыс істеп көруге болады. Фриланс, сату немесе онлайн сабақ беру сияқты қрсымша жұмыстар көлікке ақшаны тез жинауға көмектеседі. Бұл тәсіл уақыт пен күш жұмсауды қажет етеді, бірақ ақша жинау үдерісін жылдамдатуы мүмкін.
5. Ескі заттарды сатудан түсетін ақша
Үйде пайдаланылмай жатқан ескі заттар немесе киімдер болса, оларды сату арқылы қосымша ақша табуға болады. Қазіргі кезде ескі заттарды интернет арқылы сату өте қарқынды дамып келеді. Бұл ақша жинаудың оңай және тиімді тәсілі болып табылады.