Әлем

Атом бомбасын жасаған Оппенгеймер жайлы не білеміз?

Атом бомбасын жасаған Оппенгеймер туралы деректерді назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

Юлиус Роберт Оппенгеймер  - 1904 жылы АҚШ-тың Нью Йорк қаласында дүниеге келген. Ол Харвард университетін небәрі үш жылда үздік бітіріп, Кембридж және Германиядағы университетте теориялық физиканы қатар оқып, 23 жасында доктор дәрежесін алады.

1941 жылы Америка Құрама Штаттары одақтастарға қосылғаннан кейін Оппенгеймерден атом қаруын жасауды көздейтін өте құпия «Манхэттен» жобасына қатысуды сұрады. Ол ядролық жарылыс жасау үшін қажетті нейтрондық тізбекті реакцияны тудырып, ұстап тұратын не екенін анықтауға тырысады.

1942 жылы АҚШ әскері Оппенгеймерді бомбалар сыналатын құпия зертхананы басқаруға шақырды. Ол зертхана қаладан шалғай жерде орналасты. Ол жаққа тек арнайы кіру қағазымен ғана баруға болатын еді.  Дәл осы жерге онымен бірге Харвардта оқыған курстастары қосылды. 1945 жылы 16 шілдеде Нью-Мексикодағы полигонда әлемдегі алғашқы атом бомбасы жарылған кезде Манхэттен жобасы сәтті өтті.

Осы бірінші сынақ барысында Оппенгеймер ядролық жарылысқа қарап отырып: «Мен әлемді жойған ажал болдым» деген сөздерді айтқан екен. 

АҚШ 1945 жылы 6 және 9 тамызда Оппенгеймер жасауға атсалысқан екі бомбаны Хиросима мен Нагасакиге тастайды. Атомдық бомба қаладан 600 метр биіктікте жарылғандығына қарамастан, Жапония қаласының 60 пайызын жойып жіберген екен. Тіпті үш жүз мыңнан аса тұрғыны бар қаланың тең жартысы сол күні-ақ мерт болған. Ал екінші рет, Нагасакидегі жарылыстан 70 мың адам қайтыс болып, тұрғын үйлердің 36 пайызы қираған. Нагасаки бұрын бомбаланған Хиросимаға қарағанда аз зардап шеккен.

Ғалым 1967 жылы ақпанда қайтыс болады. Оппенгеймер «атом бомбасының атасы» ретінде тарихқа енді.