Жаңалықтар

Путин "Нацизмді" еске алды

Ресей президенті Владимир Путин Казправдаға берген сұқбатында "Ұлы Отан соғысының" 80 жылдығына орай Мемлекет басышысын парадқа шақырды, - деп хабарлайды newsroom.kz

Келесі жылы біздің елдеріміздің халықтары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтетінін ерекше атап өткім келеді. 9 мамыр күні Мәскеуде өтетін мерейтойлық шараларға Президент Тоқаевты және басқа да қазақстандық достарымызды асыға күтеміз. Ресейде де, Қазақстанда да әкелер мен аталардың нацизмге қарсы иық тіресе күрескен ерлігін қасиетті естелік ретінде сақтайды және қастерлейді. Біз, сөзсіз, келер ұрпақтардың да осы бейбітшілік пен еркіндік қандай бағаға қол жеткізілгенін есте сақтауы үшін барлық мүмкіндікті жасауымыз керек. Бұл, әсіресе, тең құқылы ынтымақтастыққа негізделетін және егемен дамуға жаңа мүмкіндіктер ашатын әділ көпполярлы әлемдік тәртіптің қалыптасып жатқан қазіргі кезде ерекше маңызды.

Еске сала кетсек, бүгін Ресей президенті Қазақстанға ресми сапармен келді. Мемлекет басшылары кездесуде екі елдің ары қарайғы даму жоспарын талқылайды.